Алматыда ақын Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ақын Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды

29.01.2019

Ұлттық кітапханада өткен рухани кешке Алаш жұртының игі-жақсылары жиналды. Ақынның көп томдық шығармалар жинағының бірінші және екінші томында автордың таңдамалы өлеңдері жинақталған. Кітаптың үшінші томында Өзбекәлі Жәнібеков, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек және Сағат Әшімбаев сынды тау тұлғалар жайлы естелік-эсселер жазылған. Төртінші томда қазақ әдебиетінің айшықты ақындарының Жүрсін Ерман туралы ыстық лебіздері, арнау өлеңдері басылған. Ал, ақындар айтысын жаңғырту жолындағы Жүрсін Ерманның қайраткерлік ісі 5-томда топтастырылған.  

Темірхан Тебегенов, филология ғылымдарының  докторы:

- Қазақ поэзиясының жаңа рухпен жырлануындағы көркемдік дәстүрінің жалғасуында көрнекті ақын Жүрсін Ерманның шығармашылығы дараланып тұрады. Жүрсін Ерман шығармашылығының негізгі арнасы қазақ поэзиясындағы азаматтық, отаншылдық, ұлттық ұстанымдарды жырлау болып келеді. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» аңғарындағы туған жер, атамекен, қазақтың ежелгі болмысында ата-баба салт-дәстүрлері.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу