Ғаббас Қабышұлының екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаббас Қабышұлының екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді

29.09.2015
Ғаббас Қабышұлының екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы –сатирик Ғаббас Қабышұлының екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Туынды Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Түркияда басылып шыққан.

«Бұған дейін біз Нұрлан Оразалиннің «Қоздағы шоқ» деген өлеңдер жинағының  түрікше аудармасын және сол аударма кітабының қазақ жинағының тұсаукесерін өткізген болатынбыз. Қазақстан Жазушылар одағының бәріне ТҮРКСОЙ қолдау көрсетіп, шараларды бірге өткізіп келе жатыр. Алда талай жоспар бар»,-дейді ақын Қадырбек Құныпияұлы.

Қаламгердің 80 жылдығына орай оқырманның қолына тиген шығармалар жинағының I томына түрік жазушысы Әзиз Несиннің аудармалары енгізілген. Ал, «Көңіл көгінде» деп аталатын екінші кітапқа замандастары мен аға буын ақын-жазушылар туралы естеліктер топтастырылған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу