Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдарды тексерудің жаңа жүйесін енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдарды тексерудің жаңа жүйесін енгізді

25.01.2019

Биылдан бастап министрлік кәсіпкерлікті реттейтін кез келген мемлекеттік органды тексере алатын құзырет алған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов айтты. Тексеріс кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау,  рұқсат беру мен мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асу барысын қамтиды. Тексеріске министрліктің мыңнан астам қызметкері жұмылдырылады. Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау аясы кеңее түспек. Сондай-ақ, осы айдан бастап кәсіпкерлерге арналған «Ашық есік» күндері ұйымдастырылады. Алғашқы осындай шара келесі айда Алматы қаласында өтеді. 

Асланбек Жақыпов, ҚР Ұлттық экономика министрлігініің департамент директоры:

- Соңғы он жылда жүйелі реформаларға байланысты кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты жалпы тексерулердің саны 4 есеге азайды. Нақты андармен сөйлейтін болсақ, 2010 жылы бізде 800 мың кәсіпкер болса, 400 000 тексеріс болған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік саны 1,2 млн. болса, тексерушілер саны 81 мыңға дейін азайған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу