«Бес әлеуметтік бастамаға» қатысты барлық органдардың қадамдары айқындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бес әлеуметтік бастамаға» қатысты барлық органдардың қадамдары айқындалады

22.04.2018

Апта басында Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті. «Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек», – деді Президент.  

Хабарламаларға жазылу