Өзбекстанда көлікті жаңартуға мемлекет субсидия бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда көлікті жаңартуға мемлекет субсидия бөледі

23.04.2024

Өзбекстанда жаңа көлік алуы жеңілдейді. Үкімет ескі темір тұлпарды жаңасына ауыстыру үшін халыққа субсидия беруді жоспарлап отыр. Қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша экономика және қаржы министрлігі бір ай ішінде нақты ұсыныс әзірлеуі керек. Gazeta.uz порталының дерегінше, көліктердің атмосфераға зиянды әсерін азайту мақсатында осындай тың бастама қолға алынды. Арнайы қаулыда көлікті стандартқа сәйкес автоматты түрде бағалау жүйесін енгізу қарастырылған. Келешекте машиналарға жасыл, сары және қызыл түсті – яғни, «таза», «орташа» және «зиянды» экологиялық санаттағы жапсырмалар таратылады


Хабарламаларға жазылу