Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

17.01.2019

Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан шаһарында әкімшілік-іскерлік ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды қосқанда 8 ірі кешеннің құрылысы басталды. Оның ішінде әкімшілік үйі, медиаорталық, 2,5 мың отбасы қоныстанатын көпқабатты 26 үйдің құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталғалы отыр.

Ал, Оқушылар сарайы мен стадион, департамент үйлері, конгресс-холл, «Астана» саябағы келер жылы шаһар келбетіне сәулет қоспақ. Өңірге арнайы жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, шаһарды инфрақұрылыммен қамтуға алдағы екі жылда мемлекет қазынасынан 78, 8 млрд. теңге бөлініп отыр. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін тағы 2,9 млрд. теңге қаралған. Одан бөлек, жаңа әуежай салу ісі де қолға алынған. Қаланың даму жоспарын бақылайтын мұндай жиын енді әр ай сайын өткізіліп отырмақ. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Жоспар бойынша 2019-2021 жылдар аралығында 528 млрд. теңгені құрайтын 200-ден астам нысанның құрылысы басталады. Соның ішінде мәдени, рухани, әкімшілік-іскерлік орталықтары 21 нысан, 139 нысан  инжинерлік инфрақұрылымдар Түркістан облыстық әкімшілігімен салынады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу