Премьер-Министр жұмыс сапарымен өңірлерге барды

09.10.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен үш өңірде болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынымен танысты. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасымен де танысты. Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында «KAZ Minerals Aktogay» кәсіпорнына барды. Аталған кәсіпорын 2021 жылы өндірісін 2 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Сапар барысында ол Өскемендегі бірқатар медициналық мекемелерді де аралады.

Әсем Нүсіпова, ШҚО Әкімінің орынбасары:

Өңірімізде денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілетіні анық. Біз соңғы жылдары бірнеше жаңа медициналық орталықтар аштық. Сондай-ақ медицина саласына соңғы технологияларды да енгізіп жатырмыз. Бұл өңір тұрғындары сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады деген сөз.

Алматы облысында Асқар Маминге Өскемен – Талдықорған арасындағы жолдың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді.

Олжас Ахметов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары:

Бұл жолдардың салынуының үлкен экономикалық пайдасы бар. Алдымен көлік қозғалысы қарқын алады. Одан соң құрылыс барысына жергілікті тұрғындар тартылып жатыр. Яғни бұл қосымша жұмыс орындары деген сөз.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Қарағанды – Балқаш, Қарағанды – Теміртау және қала сыртындағы айналма жолдың құрылыс жұмыстарымен де танысты. Премьер-Министр Талдықорған – Өскемен және Қарағанды – Алматы бағытындағы көлік қозғалысын толық қалпына келтіру керектігін ескертті. 

Берік Камалиев, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің орынбасары:

Бұл салынып жатқан жолдардың сапасы бұл бірінші мәселе. Өйткені біздің «ҚазАвтоЖол» компаниясының жаңа филиалдары және онымен бірге ол жол лабороторияның негізінде құрылған мемлекеттік сапа бойынша мемлекеттің қызмсеткерлері қарайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу