Түркістан қаласында 88 үйдің құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласында 88 үйдің құрылысы басталды

09.01.2019

«Отырар», «Сырдария», «Арман» және «Сауран». Түркістан қаласында биыл осындай атау берілген тұрғын үй кешендері бой түзейді. Облыс орталығында 88 көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланыпта үлгерді. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады. Қалғанын 2020 жылға дейін ел игілігіне тапсыру көзделген. «Жаңа қала» атауына ие болған тұрғын үй алабында екі жыл ішінде жалпы саны 2724 пәтер салынады. Бұл баспаналардың құрылысы «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Үйлер тұтастай отандық материалдардан соғылмақ. Құрылыс жұмыстары «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке инвестиция есебінен жүргізіледі. 38 гектар аумақты алып жатқан шағын аудан облыс орталығы мәртебесіне ие болған тарихи шаһардың сәулеттік келбетін айшықтай түспек.  

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі:

- 44 үйдің құрылысы бітеді. Бұл жай үйлер емес. Жаңа әкімшілік, іскерлік орталықтағы үйлер. Түркістан қаласында бүгінгі таңға дейін 85 көпқабатты тұрғын үй болған. Қалғаны жер үйлер. Сондықтан, нағыз қала келбетіне келуі қажет. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу