Қарағанды облысының Приозерск тұрғындары баспаналы болды
Қарағанды облысының Приозерск қаласында 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің барлығы - пәтер кезегінде тұрғандар. Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 45 пәтерлі тағы бір көпқабатты үй бітеді деген жоспар бар. Бұған қоса қазынадан 145 миллион теңге бөлініп, шағын шаһарда үшінші үйдің құрылысы басталды. Келер жылдың шілде айында 45 отбасы жаңа баспанаға қоныстанады. Пәтерге қол жеткізгендердің бірі - көпбалалы ана Әсел Елеусізова. Кенже қызы - туғанынан мүгедек. Үй кезегінде 8 жыл тұрған отбасы осы күнге дейін пәтер жалдап келген.
Әсел Елеусізова, Приозерск қаласының тұрғыны:
Қоныстандық, қоныс тойын тойладық. Үйдің іші жылы, кіріп-шығуымызға ыңғайлы, орталықта, дүкенге жақын. Үкіметтің қолдау көрсетіп жатқанынан ризамын. Көпбалалы аналарға қазір бірінші кезекте үй беріліп жатыр.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35