БҚО: Аудан атауы қазақшаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО: Аудан атауы қазақшаланды

04.01.2019

Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданы Алтай ауданы, ал, Зырян қаласы Алтай қаласы деп аталатын болды. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек болып ресми түрде өзгерді. Президент аталған Жарлыққа қол қойды. Батыс Қазақстандағы аймақ атауын ауыстыру мәселесі 1997 жылдан бері көтеріліп келеді. Ол кезде Приуральный мен Зеленов аудандары біріккен болатын. Кейін аудан жұртшылығынан ұсыныстар түсе бастады. Ал, ауылдық округтерде өткен көпшілік тыңдауларда тұрғындардың дені үш нұсқаның ішіндегі «Бәйтерек» атауын таңдады. Астықты өлкеде 30-дан астам ұлыс өкілі, 57 мыңдай адам тұрып жатыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу