Майонез қосылған салатты 6 сағаттан артық сақтамау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майонез қосылған салатты 6 сағаттан артық сақтамау керек

25.12.2018

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мереке күндері уланудың алдын алу бойынша қазақстандықтарға бірқатар кеңес берді. Айтуынша, жаңажылдық дастархан бай болуымен қатар, оның адам денсаулығына пайдалы болуы да маңызды. Әсіресе, майлы және тым тәтті тағамдардың көп мөлшерде болмағаны жөн. Оның орнына, көкөністерден жасалған жеңіл салаттар мен жеміс-жидек көбірек қойылуы керек. «Ең бастысы, барлық тағамды үйіп-түгіп үстелге шығармай, тоңазытқыштан аз-аздан шығарып, тұтынған дұрыс», - деді бас санитарлық дәрігер.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Мерекеден кейін аста-төк тағамды лақтыруға қимайтындар бар. Бірақ, уланып ауырғанда керісінше, өкінеді. Салаттар тоңазытқышта 24 сағат қана сақталады, майонез қосылған салаттардың жарамдылығы 6 сағат қана. Сондықтан, жеуге қажетті тағамдарды дер кезінде әзірлеп, қалғанын азық-түлік пленкасымен сақтау керек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу