Мәулен Әшімбаев Аршалы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Аршалы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

24.12.2018

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының Аршалы ауданындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс-шара Аршалы ауылында өтті. Бүгінде бұл ауданда мүмкіндігі шектеулі 57 бала бар. Олардың 42-сі жалпы білім беретін мектепте оқиды. «Нұр Отан» партиясы Елбасы Жолдауында айтылған басымдықтарды орындау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның басты мақсаты – еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту. Осы жолда партия тарапынан кешенді іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Балалар мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтаған Мәулен Әшімбаев бүлдіршіндерге сый-сияпаттар тарту етті. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Партия үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жаңа мүмкіндіктер ашу негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Біздің «Кедергісіз келешек» деген партиялық жобамыз бар. Соны жандандырып, жаңа деңгейге шығаруға жұмыс істеудеміз. Осы жобаның аясында біраз жұмыстар жасалды, әрі қарай да атқаратын боламыз.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу