Астанада ғалымдар ежелгі өркениетті талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ғалымдар ежелгі өркениетті талқылады

24.12.2018

«Ежелгі өркениеттер тоғысындағы Ұлы дала елі». Астанада осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елбасы мақаласында айтылған ежелгі металлургия, атқа міну мәдениеті, аң стилі, Ұлы Жібек жолы салалары бойынша соңғы жеткен жетістіктер айтылып, аталған қырларды музейлік форматта кеңінен насихаттау жолдары қаралды. Жиынға қатысқан шетелдік мамандар қазақ жеріндегі ежелгі өркениеттің адамзаттың дамуы үшін қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ал, саланы зерттеп жүрген қазақ ғалымдары бұл бағытта жұмыстарын жетілдіре түсетіндерін айтты.

Қалиолла Ахметжан, тарихшы:

- Көшпенділер қару-жарағының тарихи реконструкциясын жасау мәселесі маған өте жақын. Мен сонымен айналысып жүрген адаммын. Ондай жасалған дүниелер біздің еліміздің мәдениетін танытуға өте маңызды. Мысалы, кезінде сол заттық реконструкция түрінде жасалған «Алтын адам» осы күні Қазақстанның брендіне айналды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу