Қытайдың Харбин қаласында халықаралық мұз фестивалі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Харбин қаласында халықаралық мұз фестивалі ашылады

04.01.2018

Қытайдың Харбин қаласында қаңтардың 5-де әйгілі мұз бен қар фестивалі ашылады. Онда әлемнің түрлі елінен жиналған сәулетшілердің мұздан жасалған бірегей мүсіндерін көруге болады. Мәселен, биылғы байқауға қатысушылар ежелгі «Жібек жолы» бағыты бойынша өркениетті қайта құрастырып шыққан. Сонымен қатар, мұнда жапон сарайы, оңтүстіккореялық ғибадатхана және өзге де қызықты нысандар бар. Алып ғимараттар 80 гектар аумаққа тұрғызылған екен. Жалпы, Харбин халықаралық қыс фестивалі 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол ақпанның соңына дейін, яғни, мұз мүсіндер ерігенше ашық болады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу