Ресейлік жаттықтырушы Евгений Соложенкиннің шахматшы Бибісара Асаубаеваға жала жапқаны дәлелденді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік жаттықтырушы Евгений Соложенкиннің шахматшы Бибісара Асаубаеваға жала жапқаны дәлелденді

19.12.2018

Бұл күндері Ресейдің атынан додаға қатысып жүрген белгілі шахматшы жерлесіміз Бибісара Асаубаева өзінің ар-намысын қорғау мақсатында сотқа берген арызы бойынша жеңіп шықты. Бұл туралы Ұлттық арнаға жеке сұхбат берген спортшының қорғаушысы Александр Добровинский мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейін, былтыр ресейлік жаттықтырушы Евгений Соложенкин, Бибісара Асаубаеваны «электронды құралдар мен гроссмейстерлердің көмегімен ойнайтын спортшы» деп айыптаған. Енді міне, Мәскеу қалалық сотының шешімі бойынша Евгений Соложенкиннің жала жапқаны дәлелденіп отыр. Ол сонымен қатар, биыл көктемде әлемдегі барлық турнирлерден 1,5 жылға шеттетілген. 

Александр Добровинский, Бибісара Асаубаеваның адвокаты:

- Бибісараның да, оның анасының да арызы толықтай қанағаттандырылды. Енді Соложенкин мырза 100 мың рубль өтемақы төлеуі керек. Сонымен қатар, енді оған, Бибісараға қатысты жабылған жаланың өтірік екенін, ол өзінің сұхбаты шыққан барлық басылымдар арқылы терістеу міндеттелді. Соттың бұл шешімі күшіне енді. Сондықтан, біз соттан толықтай жеңіп шықтық деп сеніммен айта аламын.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу