Шахмат: «Алтын тәжі» үшін өтіп жатқан матчтың 8-партиясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмат: «Алтын тәжі» үшін өтіп жатқан матчтың 8-партиясы аяқталды

20.04.2023

Блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы, Гиннестің рекордтар кітабына енген қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Ал Астанада әлем чемпионының «Алтын тәжі» үшін өтіп жатқан матчтың 8 партиясы аяқталды. Бүгін ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий ақ, қытайлық шахматшы Дин Лижэнь қара таспен ойнады. Төрт сағаттан астам уақытқа созылған партия тең нәтижемен аяқталды. Есеп 4,5:3,5. Ян жарты ұпаймен болса да алда келе жатыр. Жалпы бұл матч 14 партияға жоспарланған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу