Сот жүйесін реформалау мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот жүйесін реформалау мәселелері талқыланды

13.12.2018

Адам құқығының аяқ асты болмауын және заңның үстемдік құруын «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес мүшелері назарда ұстайды. Кеңестің кеңейтілген отырысында, «100 нақты қадам» шеңберінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытын іске асырудың жолдары талқыға түсті. Сот жүйесін реформалау, құқық қорғау қызметкерлерін іріктеу жүйесі, азаматтардың құқықтық сауаты секілді сан саланы қамтыған сұрақтардың шешу жолдары сөз болды. Түрлі ведомство өкілдері атқарылған жұмыс туралы баяндама жасалды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу