Петропавлда «Жомарт жүрек» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Жомарт жүрек» байқауының өңірлік кезеңі қорытындыланды

28.11.2018

Конкурсқа туған ауылының гүлденуіне қомақты үлес қосқан азаматтар қатысқан болатын. Бүгінде теріскейлік кәсіпкерлер қоғамдық өмірге белсене араласып, мәдени, спорттық шараларға демеушілік жасап келеді. Биыл «Атамекен» бағдарламасы аясында 2 миллиард теңгенің 77 жобасы жүзеге асты. Оның ішінде елді мекендердегі жолдарды жөндеу, халықты таза сумен қамту, көшені жарықтандыру жұмыстары кәсіпкерлердің қаражаты есебінен атқарылған. Солтүстіктің бизнесмендері жас мамандарға, оңтүстік аймақтарынан көшіп келген ағайынға жан-жақты қолдау көрсетуде.

Азамат Қонаев, СҚО Кәсiпкерлiк және туризм басқармасы Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы:

- Бұл жобалардың жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпкерлер өз қаржылары есебінен елді мекендердегі мектептер мен мәдениет үйлерін, мешіттер мен шіркеулерді жөндеді. Балаларға шағын орталықтар ашып, ойын алаңдарын салды. Сонымен қатар, мүгедектерге, аз қамтылған адамдарға қаржылай көмек көрсетті.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу