Петропавлда Абай және Мағжан оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Абай және Мағжан оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті

16.05.2022

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған жыр сайысында, Қызылжар өңірінің түкпір-түкпірінен жиналған 150 оқушы сынға түсті.

Байқау 11 номинацияны қамтыды. Қатысушылар қос ақынның поэзиясын жатқа айтты. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады. Әр облыстан үздік атанған оқушылар, маусым айында Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Сарытомар ауылында кездеседі.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу