БҚО-да жыл басынан бері киік атып, мүйізін саудалаған 21 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жыл басынан бері киік атып, мүйізін саудалаған 21 адам ұсталды

26.11.2018

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері киік атып, мүйізін саудалаған 21 адам ұсталды. Браконьерлікпен айналысқан сегіз дерек анықталып, сот үкімі шықты. Жыл басталғалы қылмыскерлер 99 бас түз жануарын өлтірген. Олардан мемлекет пайдасына барлығы 331 млн. теңге өндірілді. Бірнеше қару-жарақ жойылып, 6 қаршана мен көлік тәркіленді. Соңғы дерек Жаңақала ауданы аумағында тіркелген.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Ақжайық аудандық сотының 26 қыркүйектегі үкімімен Тайпақ ауылының екі тұрғыны заңсыз аңшылық және сирек кездесетін жануарлармен заңсыз айналысқаны үшін айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 74 бас киікті атып алған қылмыскерлерден мемлекет пайдасына 246 млн. теңге өндірілді.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу