БҚО-да 280 дана киік мүйізін тасымалдаған браконьер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 280 дана киік мүйізін тасымалдаған браконьер ұсталды

09.06.2020

Табиғатты қорғау кәсіпорнының мамандары Ақжайық ауданында түн ортасында жолға шыққан көлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде күдікті көлігімен қашып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, темір тұлпар тізгіндеген 33 жастағы азамат Атырау-Орал тасжолынан бұрылып, далалық жолға түскен. Сол жерде өзінің құжаттарын лақтырып кеткен.

Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жүріп өткен жерлерін анықтап, браконьерді 3 күннен кейін қолға түсірді.

Еркебұлан Смадияров


Хабарламаларға жазылу