Елімізде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты

15.11.2018

Бұдан былай жауапты лауазымды Ардақ Әшімбекұлы атқаратын болды. Бүгін Президент күзет қызметінің басшылық құрамымен кездесіп, мекеменің жаңа басшысын таныстырды. Ардақ Әшімбекұлы өзіне берілген қызметін мүлтіксіз атқаруға ант берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа басшының бұл салада тәжірибесі мол екенін атап өтті. Кәсіби біліктілігі жеткілікті екенін айтты. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін күзет қызметін лайықты басқара алатынына сенім білдірді. Тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекеттік күзет қызметі қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады. Қауіп қатерді тойтаруға әрдайым дайын болу, жаңа сын-қатерлерге бейімделу, қатерлердің алдын алуға және ауыздықтауға бағытталған шұғыл және күзет шараларының кешенін жетілдіру сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан, мемлекеттік күзет қызметінің әлеуетін арттыру және оны жан жақты жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет. Күзет қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін бүгінде барлық құқықтық және материалдық техникалық жағдай жасалған.

Жиын соңында Елбасы Күзет қызметінің жедел іс-қимыл штабында болды. Президентке мекемеде атқарылатын шаруалардың барысы таныстырылды.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу