Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығымен кездесті

18.11.2018

Осы апта Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты. Бұдан былай жауапты лауазымды Ардақ Әшімбекұлы атқаратын болды. Бай бейсенбіде Президент күзет қызметінің басшылық құрамымен кездесіп, ұжымға мекеменің жаңа басшысын таныстырды. Ардақ Әшімбекұлы өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқаруға ант берді. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа басшының бұл салада тәжірибесі мол екенін атап өтті. Кәсіби біліктілігі жеткілікті екенін айтты. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін күзет қызметін лайықты басқара алатынына сенім білдірді. Тиісті тапсырмаларды жүктеді.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу