Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары ант қабылдады

28.05.2021

Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары ант берді. Сайдың тасындай іріктелген жігіттер «Айбын» Президенттік полкінің» құрмет қарауылы ротасына қабылданған. Енді жас сарбаздар жауынгерлік және саптық дағдыларға үйренеді. Мемлекеттік рәміздер эталондарын күзетіп, мемлекет басшысының қатысуымен өтетін хаттамалық іс-шараларға қатысады. Шара - сарбаздарды отаншылдыққа, еліміз бен Президентке адал қызмет етуге тәрбиелейтін әскери жоралғы. 

Ахан Тәушербаев, қатардағы жауынгер:
Әскери ант қабылдап, мойнымызға үлкен жауапкершілікті арттық. Мен және қарулас достарыммен бірге сол сенімді ақтайтынымзға уәде беремін. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу