Онда 8 бен 16 жас аралығындағы 1100-ден астам оқушы қосымша білім алуда. Партияның бастамасымен бұдан басқа да түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен бес әлеуметтік бастама бойынша жоспарлы іс-шаралар да жүргізілуде. Бұл жөнінде «нұротандықтардың» есеп беру-сайлау конференциясында айтылды. Биыл жергілікті филиалдың қоғамдық қабылдауында 2 мыңдай тұрғынның мәселесі қаралған. Оның 46 пайызы оң шешімін тапты.
Киікбай Ешманов, Маңғыстау облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі:
- Елбасы Жолдауы жөніндегі көптеген ұсыныстарымызды айттық. Халыққа пайдалы және оңтайлы шешімдерді қабылдауға еңбектенеміз. Бір сөзбен айтқанда, «Нұр Отан» партиясы халыққа арналған бағыттарды іске асырады.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.