Алматыда Түркияның Бас консулы баспасөз өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Түркияның Бас консулы баспасөз өкілдерімен кездесті

31.10.2018

Алматыда Түркияның Бас консулы баспасөз өкілдерімен кездесіп болашақта атқарылатын жұмыс жоспары туралы айтты. Екі елдің арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстар жыл өткен сайын артып келеді. Себебі, бауырлас елдер тек экономикалық алыс-беріс және іскерлік қарым-қатынаспен шектелмей, білім беру саласында да ынтымақты арттырған. «Сондықтан, екі мемлекеттің берекелі байланысы басқа түркі тілдес елдерге үлгі», - дейді консул.  

Рыза Қаған Йылмаз, Түркияның Қазақстандағы Бас консулы:

- Бүгінгі отырыс өте маңызды. Біз баспасөз өкілдеріне Түркияның кәсіпкерлік пен гуманитарлық көмек саясатын түсіндірдік. Түркия 2018 жылы әлем бойынша гуманитарлық көмекке 8 млрд. АҚШ долларын жұмсаған. Түбіміз бір болғандықтан, біз Қазақстанмен бабалар мұрасын жаңғырту бағытында бірлесіп, жұмыс істеп келеміз. Алдағы уақытта осы ілкімді істі қарқынды жалғастырамыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу