Түркияның Алматыдағы Бас консулы Қазақ еліне алғыс айтты
Түркияның Алматыдағы Бас консулы Али Рыза Ақынджы ауыр кезеңде қолдау көрсеткен Қазақ еліне алғысын білдірді. Қазір бауырлас мемлекеттің ауыр сынақты бастан өткеріп жатқанын айтты. Бас консулдың сөзінше, алапат жер сілкінісі болған күннен бері қол ұшын созып, көмек көрсетуге ниетті азаматтардың саны көп. Айта кетейік, бүгін таңғы уақыттан бері елшіліктің алдына тұрғындар гүл шоқтарын қойып, көңіл айту хаттарын қалдырып жатыр.
Али Рыза Акынджы, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы:
Қазақ бауырларымыз, Қазақстан халқы зілзала болған алғашқы күннен бастап қайғымызға ортақтасып жатыр. Қарапайым тұрғындардан бастап ірі кәсіпкерлерге дейін консулдығымызға қоңырау шалып, көмек көрсеткісі келетіндерін айтып жатыр, тіпті, бірнеше дәрігер апат болған жерге барып, қол ұшын беруге даяр отыр. Біз мұның бәрін ұмытпаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05