Атырау облысының әкімі Ногаев Нұрлан түрік тілінде сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының әкімі Ногаев Нұрлан түрік тілінде сөйледі

24.05.2016
Атырау облысының әкімі Ногаев Нұрлан түрік тілінде сөйледі

Атырау облысының әкімі Ногаев Нұрлан Түркияның бас консулы Корхан Кюнгермен кездесу барысында аудармашының көмегісіз түрік тілінде сөйледі.

«Мен танитын түріктер қазақ тілі - ескі түрік тіліне өте ұқсас екендігін айтады. Бастысы біз бір-бірімізді түсінсек болғаны», - деді түрік тілінде Н.Ногаев

Әңгіме барысында олар Атырау облысы мен Түркия арасындағы өзара ара-қатынастарын одан әрі нығайтудың болашағы туралы талқылады. Әкім бас консулға Атырау облысының инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторлар, оның ішінде бірлескен кәсіпорындарды ашу үшін жасалатын жағдайлар туралы ақпарат берді.

«Осы жалдың қаңтар-наурыз айлары ішінде Атырау облысы мен Түркияның ішкі сауда айналымы 68,9 млн.долларды, оның ішінде экспорт 64,2 млн.долларды құрады. Облыс аумағында осы күнге Түркия капиталының қатысу үлесімен 21 кәсіпорын тіркелген», - деп мәлімдеді әкім.

Кездесуден кейін тілшілермен сұхбаттасу кезінде Н.Ногаев қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін білетінін атап өтті. 

Хабарламаларға жазылу