Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебі қайырымдылық Вена балын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Назарбаев Зияткерлік мектебі қайырымдылық Вена балын ұйымдастырды

31.10.2018

Дәстүрге айналған шара осымен 5-ші рет өтті. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары қатарына енген шараны өткізудегі мақсат - мұқтаж жандарға көмек көрсету. Балға мыңнан астам адам қатысып, классикалық әуендерге тербеле вальс биледі. Вена балы аясында арнайы аукцион да ұйымдастырлып, онда Зияткерлік мектеп оқушыларының қолынан шыққан туындылар саудаға қойылды. Былтыр, осындай шарадан оқушылар 1 млн. теңгеден астам қаржы жинаса, биыл 700 мың теңгеден асты. Түскен қаржы түгелдей мүмкіндігі шектеулі 7 балаға табысталды.

Бибігүл Өміржанова, 12-сынып оқушысы:

- Жалпы, жиналатын және табысталатын көмек қаржысының басым көпшілігі Қайырымдылық балының аясында ұйымдастырылатын аукционның арқасында жиналып отыр. Яғни, Зияткерлік мектеп оқушылары өздерінің қолдарынан жасаған бұйымдарын, суреттерін ата-аналарына көрсете отырып, сатады. Сондай-ақ, бұл арада жиналған ақша қайырымдылық сый ретінде таратылып беріледі.

Бағдан Қайыржанов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

- Балаларымыз Қазақстанды алға апаратын болашақ мамандар. Сондықтан, олардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға біз мүдделіміз. Бұл балаларды адамгершілік қасиеттерге, ізгілікке тәрбиелеу барысында өтіп отырған бал.

 

Е.ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу