Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қайырымдылық шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қайырымдылық шарасын өткізді

30.10.2015
Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қайырымдылық шарасын өткізді
Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен қайырымдылық акциясы кезінде оқушылар 400 мың теңгеден астам қаржы жинады.

Жыл сайын дәстүрге айналған шара Вена балы үлгісінде өткізіледі. Оған қатысқан мектеп оқушылары классикалық әуендерге би билеп, кеш қонақтарына өнер көрсетті.

Сондай-ақ, қайырымдылық шарасында «Жүректен жүрекке» атты аукцион ұйымдастырылып, оқушылар жасаған қолөнер бұйымдары саудаға түсті. Биыл да жиналған қаржы түгелдей мүмкіндігі шектеулі балаларға табысталған.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу