Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары арасында ғылыми көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда мектеп оқушылары арасында ғылыми көрме өтті

12.04.2022

«Ғылым – ғажайып әлем». Бүгін Елордада осындай атаумен мектеп оқушылары арасында ғылыми көрме өтті. Шара Білім басқармасы мен елордалық білім ордаларының қолдауымен ұйымдастырылды. Интерактивті көрмеде 3D-әлем, IT-аймақтар, TEDx форматындағы қойылымдар мен түрлі платформа ұсынылды. Сондай-ақ ғылыми жобалардың тұсауы кесілді. Ұйымдастырушылар жасөспірімдердің ғылымдағы бастамаларын қолдау үшін көрмені жыл сайын өткіземіз дейді.

Гаждембек Тұрсынов, Нұр-Сұлтан қаласының «Астана дарыны» ДДжПСО директоры:
Қазіргі таңда 10 алаң істеп тұр. Балалардың өздерінің ойлап тапқан жұмыстары, жобалары осы жерде көрсетіледі. Сондықтан кез келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, оқушысы, ата-ана болсын осы жерге келіп, балалардың жетістіктерін тамашалауға мүмкіндіктері бар.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу