Атырауда лаңкестік жасады деп айыпталған Елдос Күншығаров Түркиядан елімізге экстрадицияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда лаңкестік жасады деп айыпталған Елдос Күншығаров Түркиядан елімізге экстрадицияланды

17.10.2018

Бұл еліміздің арнаулы қызмет өкілдерінің өте жіті әзірленіп, табысты іске асырылған кешенді шараларының нәтижесі. Ауған-Пәкістан шекарасы маңында жасырынып жүрген ол кейін сыбайластарымен топ құрып, Сирияға өтіп кетпек болған көрінеді. Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол 2011 жылы Атырау қаласы аумағында лаңкестік әрекет жасады деп айыпталуда. Күншығаров заңға қайшы әрекетінен кейін ізін жасырып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түркиялық  әріптестерімен үйлесімді жұмыс істеуі нәтижесінде күдікті елге жеткізіліп, Атырау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары аяқталған соң сот алдында жауап береді. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу