Алматыда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топ мүшелері іздестіріліп жатыр

15.12.2022

Қаржы мониторингі агенттігі рейдерлік жасады деп айыпталған күдікті Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

Ұйымдасқан қылмыстық топ 11 қатысушыдан құрылған, бүгінде оның бесеуі қамауға алынды. Ал Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарына іздеу жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық топ Алматы қаласының кәсіпкерлерін қорқыту арқылы рейдерлік әрекетін жүзеге асырып отырған.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу