Олжас Сүлейменов: Лаңкестік оқиғалар тарихымызда ешқашан болған емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Сүлейменов: Лаңкестік оқиғалар тарихымызда ешқашан болған емес

08.06.2016
Олжас Сүлейменов: Лаңкестік оқиғалар тарихымызда ешқашан болған емес

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттерді Қазақстанның бірлігін, ұйысқан ынтымағын қаламайтындар халықты үрейлендіру үшін жасады. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған ел үшін кез келген лаңкестік әрекет жат. Еліміздің ақындары мен ғалымдары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz

«Мұндай лаңкестік оқиғалар біздің тарихта болған емес. Тіпті, азаматтық соғыс пен ішкі қақтығыстар да қазақстандықтарды мазаламаған. Халық пен биліктің үйлесімділігінің арқасында бейбіт өмір сүріп келеміз. Ақтөбедегі жағдай - шынымен шектен шыққандық. Оны билік өз бақылауына алуы керек. Теріс ағымды терроршыларға имамдар мен мешіттің де күші жетпейді. Бірлесе, ел болып, құқық қорғаушыларға көмектесіп, қарсы тұруымыз қажет», - деді ақын Олжас Сүлейменов.

 

Фото: www.voxpopuli.kz

Хабарламаларға жазылу