Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада Президентке жаңадан тағайындалған Франция, Финляндия, Канада, Бразилия және Еуропа Одағының дипломаттары құжат тапсырды. Президент елшілермен жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақты жалғастыруға бейіл екенін растады.
Сильвон Гиоге, Франция елшісі:
Франция Қазақстанға өзінің достық бейілін білдіреді және Қазақстан халқына құт-береке мен бейбіт өмір тілейді.
Алешка Симкич, Еуропа Одағының елшісі:
Қазақстан мен Еуропа одағы елдерінің мақсаттары мен құндылықтары ортақ. Екі тарап қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуге бірігіп күш саламыз деген үміттемін.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12