Президент Н.Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Н.Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

15.03.2016
Президент Н.Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне БҰҰДБ  тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және  Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров, Әзербайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Таиланд корольдігінің  Төтенше және өкілетті елшісі Нат Пиниоваттаначип сенім граматоларын тапсырды.

Мемлекет басшысы бұл рәсім олардың жеке дипломатиялық тарихтарындағы жаңа белеске айналатынына назар аударды.

«Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар, қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталғалы тұр. Сіздерді құттықтай отырып, Қазақстандағы жауапты да мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті  дипломаттар өз  қызметтеріндегі жаңа кезеңді  Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бастап отырғанын атап өтті.

«Бұл тарихи тұрғыдан қысқа кезең біздің еліміз үшін ауқымды өзгерістердің дәуіріне айналды. Мемлекеттілікті нығайту, заманауи  нарықтық экономика құру, қоғамды жаңғырту жөнінде орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінде біздің елдің басты сипаттары – саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім,  халықаралық істердегі сенімділік пен жауаптылық, тиімді әлеуметтік-экономикалық өзгерістер», - деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу