«balapan» арнасының 8 жылдығына арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» арнасының 8 жылдығына арналған шара өтті

20.09.2018

Кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті арнасы «balapan»-ға - 8 жыл. 2010 жылы қыркүйектің 27 күні құрылған тұңғыш балалар телеарнасы осы күні сапалы анимациялық фильмдер дайындап, қазақстандықтардың отбасылық арнасына айналды. Мерейтойға орай, арна ұжымы өз көрермендеріне ерекше кеш ұйымдастырды. Өздері сүйіп көретін мультфильмдердің басты кейіпкерлерімен кездестіріп, естелік суретке түсірді. Сондай-ақ, балалар арасында викториналық конкурстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Кейін бүлдіршіндер мерекелік концертте бас қосты. Қазақстанның жас өнерпаздары мен би ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге естен кетпес кеш сыйлады. «balapan» арнасы биыл бірден 10 жобаны қолға алды. Күзгі маусымда соның 8-і жарық көреді. Бұл арнаның кішкентай көрермендері үшін үлкен сый болады.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу