Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған шара өтті

10.02.2021

Елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын тойлау басталады. Бүгіннен бастап республикамыздың барлық өңірінде түрлі іс-шаралар өткізіледі. Елордадағы салтанатқа Мәдениет және спорт министрі қатысып, балуанның есімін ұлықтады. Мұндай бастамалар ата-бабамыздың мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеуге бағытталмақ. Кейбір деректерге қарағанда, орасан күштің иесі болған балуан бабамыз, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Спорт және мәдениет министрі:
Спорт шараларымызбен бірге, бұқаралық спортты ілгерілететін шараларымызды бастап жатырмыз. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу