Астанада машина жасаушылардың VI форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада машина жасаушылардың VI форумы басталды

20.09.2018

4-ші өндірістік революция жағдайында Экономиканы технологиялық тұрғыда жаңғырту. Бүгін Астанада машина жасаушылардың 6-шы халықаралық форумы басталды. Онда аталған тақырып жан-жақты талқыланбақ. Дәстүрлі шараға 20 елден 1000-ға жуық делегат жиналған. Олар бірнеше күн бойы машина жасау саласын цифрландыру мен еңбек өнімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселесін талқылайды. Бүгін форумның бірінші күні. Онда мұнай-газ бен автокөлік саласындағы машина жасау және тау-кен мен теміржол саласындағы өндіріс тақырыптар талқыланады. Форумның екінші күні, яғни, ертең тақырыптады талқылауға үкімет мүшелері де қатысатын болады.

Мейрам Пшембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы:

- Машина жасау саласының шығарып жатқан бүгінгі өнімдері өзіміздің мемлекетіміздің керекті құрал-жабдықтары, машиналарын 25 пайызға қамтамасыз етеді. 75 пайызы ол біздің импорттан келіп жатыр. Ол Ресей, Қытай және басқа да елдер. Енді алдыға қойып жатқан мақсатымыз -импортты қысқартып, өнімді ұлғайтуға бағытталатын болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу