Астанада машина жасаушылардың III форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада машина жасаушылардың III форумы өтеді

25.09.2015
Астанада машина жасаушылардың III форумы өтеді

Қазан  айының 1-2 аралығында Астанада Қазақстан  машина жасушыларының  III  форумы өтеді.  Жиынға алыс-жақын шетелден 600-ге тарта делегат қатысады. Бұл туралы журналистерге Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев айтты.

Форумда жаңа экономикалық жағдайдағы машинақұрылысы саласының  жай-күйі мен проблемалары талқыланбақ.  ЕАЭО пен ДСҰ-на мүше болған елімізде көлік құрастырушы кәсіпорындарға  жасалатын жеңілдіктер, жаңа технологияны игеру, инвестиция тарту секілді мәселелер 7 секция бойынша қаралады. 

Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу