Астанада ІІІ машина жасаушылар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ІІІ машина жасаушылар форумы басталды

01.10.2015
Астанада ІІІ машина жасаушылар форумы басталды

Қазақстанда жиналған көліктердің бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін Астанада «Машина жасаушылар одағы» қауымдастығының төрағасы Мейрам Пішембаев айтты.

Ұйымдастырушылар, шара барысында 30 озық елдің тәжірибесін үйреніп, жаңа байланыстар орнатуды көздеуде. Қазақстанда жасалған тауарлар санын артыру да өзекті мәселе. Мысалы, темір жол саласына қажетті 10 мың құрамдас бөлшектің 5 мыңы өзімізде шығады. Прайс Уоттер Хаус компаниясының сарапшылары, Қазақстан көлік сатудан әлемде үздік 50 елдің қатарына енгенін айтады. 2015-жылдың 5 айында 67 мың жаңа көлік тіркеуге тұрған. Мемлекет отандық өндірушілерді қолдауды тоқтатпайды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

                                                          

Хабарламаларға жазылу