Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы қажет - Азат Перуашев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы қажет - Азат Перуашев

19.09.2018

Ескерілуі тиіс ескертпе. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы қажет. Мұндай пікірді Есеп комитеті жанындағы консультативтік-сарапшылық кеңес аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мәжіліс депутаты Азат Перуашев білдірді.

Тағы бір мәселе, Есеп комитеті кемшіліктерді түзету туралы ұсыныс берсе, уақыт өте келе, оған Үкіметтің ұйғарым жасауы дұрыс емес. Есеп комитеті табылған заңбұзушылық, қаржының тиімсіз мақсатқа жұмсалуы сынды кемшіліктердің жойылғаны туралы шешімді өзі шығаруы тиіс. Сонда жұмыс жүйелі әрі нәтижелі болады – дейді, мамандар.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Есеп комитетінің жұмысын қаржыландыру Үкіметтің қолында.  Есеп комитеті өзін қаржыландыратын органды тексерген кезде ұстанымы объективті бола алмайды. Халықаралық сарапшылардың ұсынысы Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы керек.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу