Депутаттар дәрігерлерге берілетін төлемақыны қайтаруды талап етті
Депутаттар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерді қайтаруды талап етті. Олай болмаған жағдайда азамтаттарды індеттен құтқаратын ешкім қалмайды деп отыр. Алдыңғы шепте жүрген мамандарға қазіргідей қиын кезде қолдау керек. Кәсіподақтар жәрдемақы ретінде 3 айлық мөлшерде жалақы төлейді. Әрі жергілікті бюджет көмек көрсетеді деу құр далбаса деп отыр. Сол себептен Мәжіліс депутаттары коронавирус жұқтырған кезде дәрігерлерге 2 миллион теңге және қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге көлемінде төленетін әлеуметтік төлемдердің тоқтатылуына қарсы.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Үкіметтен бұл мәселені қайта қарап, көрсетілген төлемдерді сақтап қалуын сұраймыз. Маусым-шілде айларында дерт дендеген тұста маман жетпеді. Бұл бізге сабақ болуы тиіс. Студенттер мен еріктілерді тартқанымызды тез ұмытып кеттік. Желтоқсан-қаңтар айларында инфекцияның жаңа толқыны болады деп жатыр. Бұл кезде бармақ тістеп қалмасақ болды.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
04.12.2025, 20:25
Халықаралық инвестициялық форумға 20 елдің өкілдері қатысты
04.12.2025, 20:23
Әлем жаңалықтарына шолу
04.12.2025, 20:13
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін
04.12.2025, 20:12
Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді
04.12.2025, 20:11
Шағымдардың басым бөлігін әкімшілік сот қарауы мүмкін
04.12.2025, 20:11
Елдің оңтүстігінде 11 мыңға жуық вагон кептелісте тұр
04.12.2025, 20:08
Биыл СҚО-на 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
04.12.2025, 20:07