Татарлар қазақстандық тәжірибемен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарлар қазақстандық тәжірибемен танысты

17.09.2018

Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы тәжірибесі көпке үлгі. Бүгін Татарстан Республикасы муниципалды құрылымдарының жетекшілері Астанаға келді. Олар бір апта бойы еліміздегі жемқорлыққа қарсы саясат, жергілікті өзін-өзі басқару және кәсіби мемлекеттік аппаратты құрудағы озық үлгілермен танысады. Саладағы соңғы өзгерістер мен бастамалар жайлы делегация өкілдеріне Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мамандары мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары дәріс оқиды. «Практикалық семинардың бізге берері мол» - дейді, қатысушылар.

Айрат Шамсиев, Татарстан Республикасы Экономика министрінің орынбасары:

- Біздің бұл сапардағы негізгі мақсатымыз - мемлекеттік басқарудағы қазақстандық үлгімен танысу. Себебі, посткеңестік елдергі ең озық тәжірибе Қазақстанға тиесілі. Сондықтан да біздің қызығушылығымызды тудырып отыр және бұл алғашқы байланысымыз емес.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу