Алматы облыстық ҚХА мүшелері Қазан қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облыстық ҚХА мүшелері Қазан қаласына барды

11.09.2018

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Татарстан астанасы Қазанға барып қайтты. Сапар барысында дүниежүзі татарлары конгресінің өкілдерімен кездесіп, мың жылдық тарихы бар Қазан қаласын аралап, татар халқының рухани құндылықтарымен танысты. Делегация құрамында арнамыздың Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қуаныш Қанатұлы да болды.

Әлемге тарыдай шашылған татарлар саны шамамен 8 млн. болса, бес миллионнан астамы Татарстанда тұрады. Елдің тілін, тарихын, мәдениеті мен дәстүрін сақтау Дүниежүзі татарлар конгресі ұйымының еншісінде. Алматы облысы атынан барған делегацияны конгресс басшылары құшақ жая қарсы алып, құрмет көрсетті. Қазақстанда тұратын татарлармен рухани көпір орнатқан ұйым болашақта да екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ниетті.

Ринат Закиров, Дүниежүзі татарлар конгресі атқару комитетінің жетекшісі:

-Біз әлі достығымызды нығайтып, тағы да келешекте жас буындардың араласып, жасауларына үлесімізді қосамыз.

Тілі ұқсас, діні ислам қазақ пен татарлардың түбі бір. Екі мемлекет те түркілерден тараған басқа да халықтың ауыз бірлігін нығайтып, мәдени және рухани байланысын ажыратпауды мақсат етеді.

Гриф Хайруллин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

-Менің ойымша, бұл түркі халықтарының,  кіші түркі халықтарының бір ғана жолы бар. Бірігуіміз керек. Біз біріксек, дәулетті күш боламыз.

Жетісулық делегация сапар барысында көне Қазан қаласының мәдени және рухани орындарын аралады. Кремль, Құл-Шәріп мешіті, Сүйінбике мұнарасы сынды тарихи ғимараттарда болып, Татар халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысты.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу