Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі: ЕО мамандары озық тәжірибелерімен бөліседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі: ЕО мамандары озық тәжірибелерімен бөліседі

08.04.2022

Еуропалық Одақ мамандары қазақстандық әріптестерімен мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуін жеделдететін озық тәжірибемен бөлісуге дайын. Алматыдан оралған Еуропалық Одақтың «Socieux+» мекемесінің қызметкерлері осылай дейді. Одаққа мүше 27 мемлекеттің ең үздік сарапшылары Алматы мен Нұрсұлтанда балалар омбудсменімен бірігіп, ортақ жобаны жүзеге асырмақ. Шетелдік кәсіби мамандар елімізде жаңадан құрылған 3 облыстың еңбек және әлеуметтік қорғау департаменттерімен де іскерлік байланысты арттыруға ниетті.

Маржена Бреза, «Socieux+» жобасының әлеуметтік қорғау жөніндегі техникалық кеңесшісі:
Біздің мақсатымыз – еңбек және әлеуметтік қорғау саласына қажетті техникалық көмек, тың кеңестер беретін Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің үздік сарапшыларын жинап, көмекке зәру мемлекеттерге жіберу. Қазақстандағы мүгедек балалардың қоғамға тез бейімделуіне, жарымжан жандарды жұмыс нарығына тарту бойынша еуропалық сарапшылар тың тәжірибесімен бөлісуге әзір. Жақын күндері елдеріңізге сапарлап, әріптестікті бастаймыз деген үміттеміз.

Хабарламаларға жазылу