Басты Жаңалықтар Павлодардың іргесіндегі Жаңауыл елді мекенінде екі бала тоққа түсіп, қайтыс болды

Павлодардың іргесіндегі Жаңауыл елді мекенінде екі бала тоққа түсіп, қайтыс болды

Оқыс оқиға. Павлодардың іргесіндегі Жаңауыл елді мекенінде екі бала тоққа түсіп, қайтыс болды. Олардың бірі 12-де, екіншісі 14 жаста. Дерекке қарағанда жоғары кернеулі сымдардың сыртында биіктігі алты метрлік қоршау болған. Балалар өзара бәстесіп, сымға алдымен қол тигізбек болған  ересектеуі, тыйым салынған аумаққа кіреді. 6 киловольттық электр қуаты жеткіншекті бірден күйдіріп жіберген. Металл қоршауды ұстап тұрған екіншісі де сол арада тіл тартпай кетті.

Олеся Емельянова, «Павлодарэнерго» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:

- Екі жасөспірім ойын кезінде «Солтүстік өндірістік» подстанциясының 6 киловольттық электр желісінің сымына қол созған. Салдарынан екеуі де көз жұмды. Толық ақпарат арнайы комиссияның шешімінен кейін белгілі болады. 

Болат АМАНБАЕВ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу