«Balapan» телеарнасында Жаңа маусым басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасында Жаңа маусым басталды

04.09.2017
«Balapan» телеарнасында Жаңа маусым басталды

Бүгін «Balapan» телеарнасында жаңа телевизиялық маусым басталды. Жаңа маусымда «Balapan» телеарнасының логотипі өзгеріп, кішкентай көрермендерді жаңа бағдарламалармен қуантады.    

Арнадан тікелей эфирде 5 бағдарлама шығады. Олар: «Үй тапсырмасы», «Ақ сандық-көк сандық», «Кел, ойнайық!», «Не? Қайда? Қашан?», «Балапан news».

Сондай-ақ, «Balapan» арнасынан Қазақстандағы fantasy жанрындағы тұңғыш  балалар телехикаясы - «Қалқанқұлақ» көрермен назарына ұсынылады. 

Биылғы маусымның тағы бір қызықты жобасы  - «Саядан хат» реалити-шоуы. Осы хабар арқылы көрермендер  туған жеріміздің сұлу табиғатымен, тарихқа толы жерлерімен таныса алады.

«Алан мен Қозықа» мультхикаясы - 3D форматындағы, оқу-танымдық жанрындағы жаңаша мульттоптама. Айналасын танып-білуге құмар Барыстың күшігі Алан мен Арқардың төлі Қозықа табиғатқа саяхат жасап, бұрын-соңды білмеген құбылыстарға куә болып, мол білім жинайды.

Сонымен қатар, көрермендердің сұрауы бойынша «Шытырман», «Күлдір-бүлдір», «Еркетай» сынды бағдарламалардың жаңа бөлімдері көрсетіледі. Әлемдік мультхикаялардан кішкентай бүлдіршіндерге «Элвин және ақсары тышқандар», «Теңіз қарақшылары және капитан», «Кеми экспедициясы» туындылары тарту етіледі.

Айта кетейік, тұңғыш балалар арнасы «Balapan» телеарнасының сайты да жаңа дизайнмен жұмыс істеп тұр. 

Хабарламаларға жазылу