Журналист Қымбат Досжан мен Мақпал Жұмабай жаңа қызметке тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Қымбат Досжан мен Мақпал Жұмабай жаңа қызметке тағайындалды

20.09.2021
Журналист Қымбат Досжан мен Мақпал Жұмабай жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақпал Жұмабай Корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Qazaqstan телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келді.

«Balapan» телеарнасының директоры болып журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды. Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Хабарламаларға жазылу