Өскеменде пәтер иелері кооперативінің төрағасы 11 миллион теңге ақша жымқырған
Мемлекеттің қаржысына бірнеше жыл қол салып келген 38 жасар әйелдің айласы қарапайым. Алдымен ол өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеген. Содан соң қалалық жұмыспен қамту орталығына «Жол картасы: Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша өзін жұмыс беруші ретінде тіркеген. Бұдан кейін бөгде адамдардың атын жазып, жалған еңбек келісімшартын жасап отырған. Осылайша, өтірік жұмысқа орналастырған әр адам үшін мемлекеттен 20 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша алған. Алаяқ әйел жасаған қылмысын толықтай мойындап, сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аян Алтынхан, Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы:
- Артынан барып жолдасын осыған тартқан болатын, шешесін де қатыстырған. Осы 3 жеке кәсіпкер ретінде барлығы 11 миллион теңге жымқырған.
Берік КӨШЕРБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы